Жаңалықтар

Жазушы Смағұл Елубай сайлауға қатысты пікірін айтты

Жазушы Смағұл Елубай сайлауға қатысты пікірін айтты
Фото: El.kz 19.03.2023 17:00 858

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері әрі жазушы Смағұл Елубай сайлауға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі сайлау біз көрген сайлаулардың ешқайсына ұқсамайды. Бұрынғы сайлауларға жұрт самарқау барса, бұл жолы үлкен құштарлық білдіруде. Себебі ол кезде халықтың ойлағаны жүзеге аспай, билік басымдылық көрсететін. Халық дауысы естілетініне сенгеннен кейін тың ат салыса отыра таңдау жасауда, – дейді ол.

Жазушы өз пікірінде Алматы қаласының тұрғындарын сынға алды.

Халқы көп Алматының тұрғындары сайлауға немқұрайлық танытып жатқаны өкінішті. Басқа өңірлерге қарағанда тым баяу. Сайлауға қатыспай мемлекетте қандай да бір талап қою орынсыз. Мегаполис бірінші орында болады деп сеніп едім. Дауыс беру - біздің азаматтық міндетіміз. Сондықтан Алматы қаласының тұрғындары сайлау науқаны аяқталғанға дейін жүз пайызға дауыс берсе деймін, – деді жазушы Смағұл Елубай.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға