Жаңалықтар

Жазушы Дулат Исабеков 81 жасқа толды

Жазушы Дулат Исабеков 81 жасқа толды
Фото: Дулат Исабеков 20.12.2023 12:55 905

Бүгін қазақтың белгілі жазушысыдраматургҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабеков дүниеге келді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында туған. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы: 1967-1968 жылдары Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, 1968-1970 жылдары Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор, 1971-1976 жылдары «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, 1976-1980 жылдары «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі, 1980-1988 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы, 1988-1992 жылдары Қазақ теледидарының бас директоры, 1992-1995 жылдары «Жазушы» баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, ҚР Мәдениеттану ғылыми-зерттеу институтының директоры, «Мәдениет» журналының бас редакторы болып істеген.

Алғашқы әңгімесі «Жолда» 1963 жылы жарияланды. Кейін «Бекет» (1966), «Ащы бал» (1969), «Мазасыз күндер», (1970), «Қара шаңырақ» (1973), «Тіршілік» (1975) повестер мен әңгімелер жинақтары, «Қарғын» (1980) романы басылды. Таңдамалы повестері «Екі жиырма» (1983) деген атпен жарық көрді. Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылып, «Полынь» (1978), «Отчий дом» (1979), «Смятение» (1986), «Новоселье в старом доме» (1986) деген атпен басылды.

Жекелеген туындылары венгр, неміс, поляк, чех тілдерінде жарияланды. «Ректордың қабылдау күндері» (1975), «Әпке» (1977), «Ертеңді күту» (1979), «Мұрагерлер» (1982), «Алыстан келген ананас» (1984), «Кішкентай ауыл» (1986), «Анасын аңсаған қыз», «Ескерткіш операциясы», «Ескі үйдегі екі кездесу», «Бонапарттың үйленуі», «МұңлықЗарлық», «Амал мен айла» т.б. пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылды.

Таңдаулы пьесалар жинағы «Жеті желкен» деген атпен 1987 жылы жарық көрді. Жекелеген туындылары бойынша «Гауһартас» (реж. Ш. Бейсембаев, 1975), «Дермене» (реж. А.Әшімов, 1986), «Тауқымет» (реж.Ұ. Қолдауова) көркем фильмдері түсірілді.

Қазақстан Жазушылар одағының М. Әуезов атындағы сыйлығының, «Мұрагерлер» пьесасы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық ПЕН клуб, Платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға