Жаңалықтар

Жазира Байырбекова күйеуі өзін қалай баурап алғанын айтты

Жазира Байырбекова күйеуі өзін қалай баурап алғанын айтты
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova 10.01.2024 17:30 2760

Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира «Жарқын жүздесу» бағдарламасында арадағы ыстық сезімді суытпай сақтаудың сырын ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жанболаттың сөзіне қарағанда, шаңырақ көтерген 27 жылдың ішінде талай сынақтан өткен, соған қарамастан бір-біріне деген сезім мен құрмет тек артқан.

Жазира екеуміздің отау құрғанымызға 27, танысқанымызға 29 жыл болды. Отбасын құрамыз деп шешкен соң, алдымызға ортақ мақсат қойған соң кездескен қиындықтардан да бірге өттік. Өмірдің ащы-тәттісін бірге көргендіктен де сезім нығайып, құрметіміз артты, - деп әзілдеді әнші.

Ал жүргізушінің бойжеткеннің көңілін қалай ауладыңыз деген сөзіне әнші былай деп жауап қатты:

Қазіргідей телефон жоқ, мейрамхана деген жоқ, жұртқа қарап жалтақтамайсың, керемет кезде үйленіп алыппыз.

Жанболат кез келген уақытта мені сендіре алады, көндіре алады, тыңдата алады. Мені баурап қалғаны – анасы туралы көп айтқаны, анасын ерекше құрметтейтіні. Осындай ер азаматтан туған бала да мені құрметтейтін болады деп ойладым, - деді Жазира Байырбекова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға