Жаңалықтар

Жазира Байырбекова күйеуі мүлде мақтамайтынын айтып шағымданды

Жазира Байырбекова күйеуі мүлде мақтамайтынын айтып шағымданды
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova 01.12.2023 14:15 5431

Елге есімі белгілі әнші Жазира Байырбекова желіге жариялаған жазбасында күйеуіне деген назын байқауға болады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі

Ол Instagram парақшасында күйеуі мақтамайтын қыздарды сырласуға шақырды.

Әйелін барынша жан-жағына, халыққа мақтайтындар бар. Біздікі тек ішінен мақтайтын сияқты. Мүмкін мен жоқ жерде сыртымнан мақтар ма екен?! Жалпы әйелінің жақсы қасиеттерін тізіп айтып отыратын адамдарды көргенде ойланып қаламыз иә, қыздар?! Біздікі тіл тиіп кетпесін дей ма екен, әлде. Күйеуі мақтамайтын қыздар сырласайық, - деп жазды әнші.

Оған оқырмандары «Менің жолдасым да мақтамайды, бірақ жақсы көретінін білемін», «Негізі күйеуді сыртқа жамандамау керек», «Үндемей жүргені сені іштей қолдағаны, ол тектілігі деп біл» деп жазды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға