Жаңалықтар

Жазира Байырбекова Барби болып суретке түсті

Жазира Байырбекова Барби болып суретке түсті
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova 20.10.2023 09:48 938

Қазақстандық әнші Жазира Байырбекова Instagram-дағы парақшасында қарама-қайшы екі образда сурет жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Танымал әншінің қазақы киімі де, Барби образы да желі қолданушыларының көңілінен шыққан тәрізді.

Көрермен алдына негізінен ұлттық киімдермен шығатын Жазира Байырбекова қызы үшін жаңа образда суретке түскен. Өнер иесінің сөзіне қарағанда, бұл қызы Дараға қатты ұнаған.

Бірінші образ өзіме, екініші образ Дараға ұнайды, - деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары 45 жастағы әншіге бәрі жарасатынын, одан қалды қазақы үлгідегі қуыршақтарды көптеп шығарса, балаларға да қазақша көйлектер ұнаушы еді деген пікір қалдырған.

«Әдемі қазақ қуыршақтарын көп шығару керек. Сонда Дараға да қазақша киіммен түскен фота ұнайтын болады», «Бәрі жарасады», «Әдемі», «Халқымыздың ұлттық киімі әдемі», - деп жазды желі қолданушылары.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға