Жаңалықтар

Жаздың соңғы күні 8 өңірде күн бұзылады

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
Жаздың соңғы күні 8 өңірде күн бұзылады
Фото: pixabay.com 30.08.2022 18:19 2113

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

31 тамыз күндіз Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Оралда күндіз 36 градус аптап ыстық болады.

31 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

31 тамыз-2 қыркүйек аралығында Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде және Тараз қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

31 тамыз күндіз Атырау облысында 39 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

31 тамызда Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

31 тамызда Түркістан облысының тау асуларында шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

31 тамыз күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 38 градус аптап ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

31 тамыз күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, жел екпіні - 15-20 м/с.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға