Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер

 ЖИ арқылы жасалды
Фото: ЖИ арқылы жасалды

Жаз мезгілінде образды жаңартудың ең оңай жолдарының бірі – шашқа арналған әшекейлерді пайдалану. Бірнеше минуттың ішінде қарапайым шаш үлгісін сәнді әрі тартымды етіп көрсетуге болады. Биылғы маусымда стилистер теңіз тақырыбындағы әшекейлерден бастап гүлдер мен минерал бейнесіндегі аксессуарларға дейін түрлі нұсқаларды ұсынып отыр. Ендеше, 2026 жылдың жазында трендке айналған шаш әшекейлерімен танысайық.

Қабыршақ пішініндегі қыстырғыштар

Соңғы жылдары теңіз тақырыбы сән әлемінен түскен жоқ. Егер былтыр сәнқойлар теңіз жануарлары бейнеленген аксессуарларға қызықса, биыл басты назар ракушкаға ауып отыр.

leletny/www.instagram.

Қабыршақ пішініндегі қыстырғыштар жеңіл әрі романтикалық образ жасауға көмектеседі. Олар «мальвинка», төмен түйілген шаш немесе өрілген шаш үлгілерімен жақсы үйлеседі. Әсіресе жағажайдағы демалыс пен жазғы серуендер үшін тамаша таңдау.

Француз түйреуіші

Әлеуметтік желілерде соңғы уақытта «French Twist» деп аталатын классикалық шаш үлгісі қайтадан танымал бола бастады. Бұл әдісте шаш бұралып жоғары қарай жиналады да, әдемі спираль пішінін қалыптастырады.

leletny/instagram.

Осындай үлгіні бекіту үшін арнайы француз түйреуіштері жиі қолданылады. Латынның U әрпіне ұқсайтын бұл аксессуар шашқа нәзік әрі сәнді көрініс береді. Бүгінде ағаштан, металдан жасалған немесе інжу-маржан мен гүлдермен безендірілген түрлері кең таралған.

Тропикалық гүлдер

Жаз бен гүлді бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес. Биыл гүлді аксессуарлар сән әлеміндегі ең танымал трендтердің біріне айналды.

leletny/instagram.

Ірі гүлдермен безендірілген қыстырғыштар да, нәзік гүл композициялары да шаш үлгісіне ерекше көрік береді. Олар әрі жинақы шашпен, әрі еркін төгілген бұйра шашпен үйлеседі.

Минерал тәріздес әшекейлер

2026 жылдың күтпеген сұлулық трендтерінің бірі – табиғи минералдардың текстурасын қайталайтын аксессуарлар.

leletny/instagram

Малахит, янтарь немесе қызғылт кварцқа ұқсатып жасалған шаш қыстырғыштары образға сән мен талғампаздық қосады. Мұндай аксессуарлар кәдімгі жылтыр тастардан әлдеқайда әсерлі көрініп, жалпы стильді қымбат әрі ерекше етіп көрсетеді.

Ашық түсті «крабиктер»

Шашқа арналған «крабик» – көптеген қыздың косметикалық сөмкесінен табылатын ең әмбебап аксессуарлардың бірі.

instagram/leletny

Биыл стилистер ашық түсті нұсқаларды таңдауға кеңес береді. Көгілдір, қызғылт немесе лимон түстес қыстырғыштар күнделікті шаш үлгісін бірден жандандырып, образдың басты акцентіне айнала алады.

Тор орамал

Соңғы жылдары бохо стилі қайтадан сәнге енді. Табиғи маталар, көпқабатты образдар және этникалық элементтер жазғы сәннің ажырамас бөлігіне айналып отыр.

Осындай стильдің басты аксессуарларының бірі – тор орамал. Оны бас киім ретінде тағуға, бандана секілді байлауға немесе шашқа сәнді элемент ретінде қолдануға болады. Бұл аксессуар образға нәзіктік пен романтикалық көңіл күй сыйлайды.

leletny/instagram

Жазғы образды жаңарту үшін міндетті түрде шаш қиюдың немесе бояудың қажеті жоқ. Кейде дұрыс таңдалған бір ғана аксессуардың өзі сыртқы келбетке жаңа реңк беріп, ерекше стиль қалыптастыра алады.

Оқи отырыңыз