Жаңалықтар

Жайық жағалауындағы саяжай тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілді

Жайық жағалауындағы саяжай тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 09.04.2024 08:38 318

Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Орал қаласы маңындағы 1-саяжай және 2-саяжай бау-бақша серіктестіктеріндегі тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәліметінше, полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдарымен бірнеше күн бойы тұрғындарға ескерту парақшалары таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізген.

Эвакуациялау жұмыстарына барлығы 150 адам, 12 техника, 1 жүзу құралы тартылды. Соның ішінде ТЖ министрлігінен 118 адам, 11 техника, Ішкі істер министрлігінен 32 адам (1 техника) жұмылдырылды. Қазірге дейін 22 адам көшірілсе, соның алтауы – балалар. Тұрғындардың бірқатары туыстарының үйіне кетсе, бірқатары эвакуациялық пункттерге орналастырылды, деді департаменттің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Жайық өзені жайылмаларында орын тепкен 54 бау-бақша серіктестігінде 1 600 отбасы тұрып жатыр. Су басу қаупінің төнуіне байланысты әрі эвакуациялау жұмыстарын кедергісіз жүргізу үшін бау-бақша серіктестіктері 8 сәуірден бастап электр қуаты мен газдан ажыратылған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға