Жаңалықтар

Жайық суы Каспийге бағытталмақ

Жайық суы Каспийге бағытталмақ
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі 15.04.2024 15:49 315

«Қазсушар» мекемесінің Атырау облыстық филиалы мен жергілікті әкімдік бірлесіп су тасқынына дайындық аясында қосымша 14,5 шақырым канал қазып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, тереңдігі 2 метр, ені 7 метрден асатын канал Атырау қаласы арқылы өтетін судың көлемін азайту мақсатында қазылуда. Осылайша Жайықтан келген су қосымша канал арқылы Каспий теңізіне құяды.

Атырау облысына келген суды Қазсушарға қарасты негізгі 4 канал: Соколок, Сарыөзек, Бақсай және Нарын қабылдап, теңізге қарай өткізеді. Мұнда Ресейдің Сақмар өзені мен Ириклі су қоймасынан келетін суды қабылдау үшін қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр, - делінген мәліметте.

Бұл су сәуір айының соңы немесе мамырдың басында келеді деп болжанып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға