Жаңалықтар

Жайық өзенінің деңгейі көтерілуі мүмкін

Жайық өзенінің деңгейі көтерілуі мүмкін
Фото: ТЖМ 10.04.2024 15:42 312

Батыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу және авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

БҚО төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш еріген қар суынан келетін қауіп жоқ екенін айтты.

Қазіргі кезде Жайық өзені су деңгейінің көтерілуі басты назарда. Су деңгейін есептеу үшін Орал қаласында арнайы 6 пост құрылған. Күнделікті бақылау, мониторинг жүргізіледі. Өткен тәулікте Жайық өзенінің су деңгейінің биіктігі 2 см көтерілді. Қазіргі уақытта Орал қаласы мен облыстың 7 ауданында Жайық өзенінің жағалауында орналасқан тұрғындарды уақытынан бұрын эвакуациялау, құлақтандыру, үйлерді аралау жұмыстары жалғасуда, - деді ол ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Айта кетейік, өңірде орын алған су басуға байланысты 1 сәуірден бері БҚО-да Орал қаласында және 4 ауданда ТЖ жарияланған болатын. Бұл ТЖ әлі алынған жоқ, өйткені су тасқынынан төнген қауіп әлі сейілген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға