Жаңалықтар

Жайық өзеніндегі судың деңгейі 7 см көтерілген

Жайық өзеніндегі судың деңгейі 7 см көтерілген
Фото: Видеодан кадр 12.04.2024 00:50 264

БҚО-да еріген қардан келетін қауіп сейілді. Келіп тұрған жалпы қауіп - Жайық өзенінің су деңгейінің көтерілуі болып тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көршілес РФ Орынбор облысы Иреклі су қоймасынан келетін судың жылдамдығы 720 текше метрге дейін түсті.

Жайық өзеніндегі судың деңгейі - 7 метр 31 см. Өткен тәулік бойынша 7 см көтерілгені байқалды. Оның қауіпті деңгейі 850 см болып есептеледі. Облыста 25 мыңнан астам қапшық төселді. Өңірдегі жағдай бірқалыпты күрделі және қатаң бақылауда, - деді Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш.

Қазіргі таңда 13 068 адам эвакуацияланды, оның 1800 астамы эвакуациялық пунктерде орналасқан. Жалпы, 161 эвакуациялық пункт бар. Бүгінде оның 20 жұмыс істеп жатыр, 14-і Орал қаласында, қалған алтауы аудандарда орналасқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға