Жаңалықтар

Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеп келеді

Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеп келеді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 27.05.2024 20:38 609

Атырау облысының Махамбет ауданында Жайық өзенінің су деңгейінің төмендеуі байқалады. Бұл туралы төтеншеліктер мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы бүгінде ұзындығы 105,8 км бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілді, 1 млн-нан астам қапшық төселді.

Айта кетейік, Махамбет ауданында 9 ауылдық округ, 21 елді мекен бар. Жайық өзені бойында орналасқан 17 елді-мекенде құтқарушылар тәулік бойы кезекшілікте тұрып, аумақта барлау жұмыстарын жүргізуде. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға