Жаңалықтар

«Жайлы мектептерде» 3 мыңнан астам мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтті

21.05.2025 15:16 446
«Жайлы мектептерде» 3 мыңнан астам мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтті

Баспасөз мәслихатында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында бүгінгі күні 3000-нан астам мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өткенін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, жобаның басты міндеттерінің бірі – жаңа технологиялар мен әдістерді тиімді қолдана алатын білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету.

«Жайлы мектептерде» педагогтердің кәсіби даму үдерісі үздіксіз жүргізілуі тиіс. Осы мақсатта мұғалімдерге арналған жаңа педагогикалық тәсілдер, заманауи әдістемелер мен цифрлық құралдарды меңгеруге бағытталған бағдарлама әзірленді. Бүгінгі күні 3000-нан астам мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Алдағы уақытта басым бағыттар бойынша барлық педагогтер оқытумен қамтылатын болады. Бұл елімізде кәсіби құзыреттіліктерді дамытудың бірыңғай стандартын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға