Жаңалықтар

«Жайлы мектеп»: қазақстандықтар үшін мектептің ішкі 3D туры іске қосылды

«Жайлы мектеп»: қазақстандықтар үшін мектептің ішкі 3D туры іске қосылды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 10.05.2024 23:42 314

Жоба аясындағы мектептердің орналасу орны мен толтырылуы туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзекті сұрақтарға жауаптарды «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының ресми парақшасынан көруге болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, толығырақ ақпаратпен https://jaily-mektep.kz/#about сайтынан танысуға болады. Үш деңгейлі үлгіде мектептің ішкі құрылысы, сыныптардың, асхананың, спорт залдарының, дәліздің орналасуы көрсетілген. Көріністер мейлінше шынайылыққа жақындатылған, мұнда интерьер дизайнын, жиһаздарды, безендірілуін тамашалауға болады. Бұдан басқа кері байланыс нысаны арқылы кез келген сұраққа жауап алуға болады.  

Мемлекет басшысының тапсырмасымен оқушы орнының тапшылығын шешу, апаттық жағдайдағы және үш ауысымды мектептерді жою мақсатында Қазақстанда «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында 740 мың орынға арналған 369 жаңа форматтағы мектеп салынады, оның 217-сі осы жылдың соңына дейін, қалған 152 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар болашақ жайлы мектептерде оқу процесін тиімді ұйымдастыру және оны сапалы кадрлармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға