Жаңалықтар

Жауынгерлік даярлық маманының кәсіби күні белгіленді

Жауынгерлік даярлық маманының кәсіби күні белгіленді
Фото: Қорғаныс министрлігі 24.02.2024 07:23 494

Қорғаныс министрінің бұйрығымен Қазақстан Қарулы күштерінің кәсіби мерекелерінің тізбесіне жауынгерлік даярлық маманы күні енгізілді. Кәсіби мереке 14 тамызда атап өтіледі деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, армияның жауынгерлік әлеуетін нығайту ісіндегі осы қызмет бағытының маңыздылығын ескере отырып, 1992 жылдың 14 тамызында Қорғаныс министрінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары – ҚР Қорғаныс министрлігі жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы лауазымы бекітілді. Оған генерал-майор Юрий Құрматов тағайындалған болатын. 

Жауынгерлік даярлық үдерісін орталықтандырып басқару – әскерлердің жауынгерлік жоғары деңгейде машықтанудың және олардың жауынгерлік әзірлігін арттырудың міндетті ережесі. 

Қарулы күштердегі жауынгерлік даярлық органдарының командирлері мен мамандарының күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында оқу процестері үнемі жетілдіріліп отырады. Сондай-ақ өткізілетін іс-шаралардың қарқындылығы мен ауқымы артып келеді. Олардың барлығы әскерлерді ұрысқа қажет нәрсеге үйрету қағидатына бағынады. 

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға