Жаңалықтар

«Жастық шақтың қателігі» поэтикалық деректі фильмі көрерменге жол тартпақ

«Жастық шақтың қателігі» поэтикалық деректі фильмі көрерменге жол тартпақ
Фото: Ұлттық кино орталығынан 01.06.2023 15:30 1004

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі документалист Бақыт Қайырбеков «Жастық шақтың қателігі» атты жаңа жобасын жасауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл Тәңір мен Аспанның бейнесін жаңғырту туралы поэтикалық деректі фильм.Туынды мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілуде.

31 мамырда ұлттық киноны қолдау орталығының басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Шөкенов бастаған киноорталық делегациясы картинаның түсірілім алаңына барып қайтты. Кино орталығының өкілдері түсірілім процесінің барысымен танысып, жұмыс мәселелерін талқылады.

«Жастық шақтың қателігі» поэтикалық деректі фильмі көрерменге жол тартпақ

Қазіргі уақытта түсірілім тобы Алматы облысының Қарасай ауданындағы Үшқоңыр үстіртінде жұмыс жасауда. Картинаның түсірілімі мамыр айының басында басталып, маусымның ортасына дейін жалғасады. Түсірілімнің бірінші және ең қиын бөлігі Иорданияда, әйгілі Петра қаласында өтті. Картинаның продюсері Айгүл Черендинованың айтуынша, фильмнің барлық негізгі көріністері түсіріліп бітті, тек натура және деректі кадрлар, сондай-ақ павильондарда бірнеше түсірілім жұмыстары қалды.

Бақыт Ғафуұлы негізінде қазақ салт-дәстүрлерін түсіндіру маманы. Бұл фильмде біз өзіміз бен ең көне шумер мәдениеттері арасындағы жаһандық байланысты көреміз. Бұл туралы Олжас Сүлейменов өзінің "Шумер-наме" кітабында айтып кеткен. Режиссер Сүлейменовтің прозалық шығармашылығын қайта қарастырып, салт - дәстүр поэтикасын жеткізуге және көрнекі бейнелер арқылы қазақтардың мифологиялық санасын қайта жаңғыртуға ұмтылады, - деп атап өтті продюсер.

Авторлар кең прокатқа шығуға үміттеніп отыр, сонымен қатар халықаралық кинофестивальдерде картиналарды ілгерілетуге маманданған компаниямен ынтымақтастықты жоспарлауда.

«Жастық шақтың қателігі» поэтикалық деректі фильмі көрерменге жол тартпақ

Бір жағынан, бұл фильмде ашылған тақырып ең алдымен өзіміз үшін маңызды екенін түсінеміз. Бұл қазақтардың түсінігі. Бізге өзімізді тану және сүю - шетелдіктерге фильмді көрсетуден маңызды, - деп қорытындылады Айгүл Черендинова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға