Жастардың IT, медиа және бизнес жобаларына 3 млн теңгеден беріледі

Жастардың IT, медиа және бизнес жобаларына 3 млн теңгеден беріледі
Фото: AI көмегімен жасалды

Биыл «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына 2 мыңнан астам өтінім түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34,5 пайызға көп. Үздік 30 жобаның әрқайсысына 3 миллион теңгеден грант беріледі. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Халықаралық жастар күніне арналған брифингте айтты.

ORTCOM.KZ
ORTCOM.KZ

Оның сөзінше, мемлекет жастардың ғылым, мәдениет, шығармашылық, қоғамдық қызмет және жаңа индустриялар саласындағы бастамаларын қолдауға басымдық беріп отыр.

Биылдың өзінде «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына екі мыңнан астам өтінім келіп түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34,5 пайызға көп. Үздік отыз жобаға үш миллион теңгеден грант беріледі. Өтінімдер ғылым, мәдениет, бизнес, IT, медиа және волонтерлік салалардағы жобаларды қамтиды, — деді Евгений Кочетов.

Вице-министр елімізде жастардың бастамаларын қолдауға бағытталған бірнеше жоба жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Олардың қатарында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты, Президенттік арнаулы әдеби сыйлық және «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы бар.

Сонымен қатар жастардың креативті индустриядағы мүмкіндіктерін кеңейтуге де ерекше көңіл бөлініп отыр.

Өңірлерде креативті орталықтар ашылып, Креативті индустрияны дамыту қоры жұмысын бастады. Сала өкілдеріне «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алу және тағылымдамадан өту мүмкіндігі берілді, — деді вице-министр.

Евгений Кочетовтің мәліметінше, бүгінде креативті индустрия саласында 46 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Бұл салада шамамен 156 мың адам еңбек етеді.

Оқи отырыңыз