Жасанды интеллектінің қолдану аясын айқындайтын құжат қабылданады

 Akorda.kz
Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы жасанды интеллектінің қолдану аясын айқындайтын құжат қабылдау қажет екенін айтты. Құжатта жасанды интеллектіні қолдану аясы және оны дамытудың міндеттері мен құралдары айқындылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл – халықаралық озық тәжірибе. Мұндай қадам елімізді технологиялық тұрғыда дамытудың орнықты бағытын айқындауға мүмкіндік береді. Ең алдымен, жасанды интеллект технологиясын экономикамыздың мұнай-газ секторы, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика секілді маңызды салаларына енгізуге мән беруіміз қажет деп санаймын, - деді ол.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы жасанды интеллект қалаларымызды өмір сүруге және жұмыс істеуге қолайлы әрі толыққанды ақылды қалаға (smart city) айналдыру процесін айтарлықтай дәрежеде оңтайландыра алатынын назарға алды.

Оқи отырыңыз