Жаңалықтар

Жасанды интеллект Чемпиондар лигасының жеңімпазын анықтады

Жасанды интеллект Чемпиондар лигасының жеңімпазын анықтады
Фото: УЕФА 20.10.2023 23:42 649

Opta статистикалық порталы топ-5 еуропалық чемпионатқа және Чемпиондар лигасына жасалған болжамды жариялады. Болжам суперкомпьютермен жасалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Компьютер нұсқасы бойынша, төрт бірдей чемпионатта айтарлықтай жаңалық болмайды.

«Манчестер Сити» АПЛ-да (ықтималдылық — 73,7%), «Реал» — Ла Лигада (75,2%), «ПСЖ» — 1 лигада (75,4%), «Бавария» Бундеслигада (72,2%) жеңіске жетеді. Тартыс тек А сериясында күтіледі. Себебі суперкомпьютер «Интерді» чемпион болады деп санаса (47,6%), «Милан» (36,7%) да жеңімпаз атағын иелену үшін барын салатынын болжаған. Ал қазіргі чемпион «Наполидің» жетістігін қайталайтынына сенбей отыр (7,8%).

Чемпиондар лигасында тағы да «Манчестер Сити» (32,67%) топ жаруы мүмкін, үздік үштікке «Реал» (12,44%) мен «Бавария» (10,7%) енген. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға