Жаңалықтар

Жасанды интеллект адамзатқа қауіп төндіруі мүмкін - Президент

Жасанды интеллект адамзатқа қауіп төндіруі мүмкін - Президент
Фото: © Pixabay.com 12.10.2023 11:43 815

Президент жасанды интеллект технологиясы адамзатқа қауіп-қатер төндіруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Мұның арты неге әкеп соқтыратыны белгісіз. Ғалымдар арасында бұған қатысты ортақ пайым жоқ.

Жасанды интеллект адамзатқа игілік әкеле ме әлде құрдымға кетіре ме деген сұрақ әлі де өзекті болып тұр. Сондықтан осы мәселеге саналы түрде қарап, жасанды интеллектінің дамуын жіті назарда ұстау – аса маңызды міндет. Мысалы, кезінде атом энергетикасымен қатар атом қаруы пайда болды. Сол кезде жаһандық қауіпсіздікті сақтау үшін жаңа қағидаттар қалыптасты. Бұл – технологиялық даму заманында ұжымдық қауіпсіздік мәселесі бақылауда болуы керек деген сөз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға