Жаңалықтар

«Жас жігітке тиіп алыңыз»: Ерке Есмахан 40-тан асқан қыздарға ақыл айтты

«Жас жігітке тиіп алыңыз»: Ерке Есмахан 40-тан асқан қыздарға ақыл айтты
Фото: instagram.com/erke_esmahan 29.02.2024 16:52 9840

Әнші Ерке Есмахан тұрмысқа шыға алмай жүрген жасы үлкен қыз-келіншектерге кеңес берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесіне оқырманы “Жасым 45-те. Бірақ сіз сияқты жас жігітке тұрмысқа шықпас едім. Маған үлкен жігіттер ұнайды” деп сұрақ қойған.

Суретіңізді шығарып қатты ренжітпей-ақ қояйын. Бірақ парақшаңызды қарап келдім. Жас жігіттер сізге жол бермей, үйленейік, алып қашам, сүйдім-күйдім деп жатқан жоқ-ау. Егер солай айтып жатса, үлкенді күтпей тиіп алыңыз. Жалғыз болып отыра бермеңіз. Негізі, әлі жас айырмашылықты сөз ететіндерді түсінбеймін. Өмірде қаншама қорқынышты нәрселер болып жатыр. Маңыздысы жас емес, махаббат екенін әлі түсінбейсіздер, – деп жауап берді Ерке Есмахан.

Айта кетейік, өнер иесі күйеуінің бала қарауға барынша көмектесетінін айтады. Әлеуметтік желідегі парақшасында өмірлік серігін таңдауда қателеспегенін жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға