Жаңалықтар

Жас жігіт көзіне шөп салғанын жасыру үшін сүйіктісін өлтірген

Жас жігіт көзіне шөп салғанын жасыру үшін сүйіктісін өлтірген
Фото: Видеодан алынған кадр 09.07.2023 20:32 5497

Ресейдің Великий Новгород қаласында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

23 жастағы қала тұрғыны өзінің жүретін қызын өлтіріп, денесін бөшкеде сақтаған. Осыдан соң өзінің танысын көмекке шақырып, бөшкені балконға шығарған. Танысына ыдыста тыңайтқыш бар деп алдаған.

Жергілікті полиция мәліметінше, оқиға маусымның басында болған, дегенмен көршілері жас қыздың жұмбақ жағдайда жоғалып кеткеніне қарап, құқық қорғау органдарына хабарлаған. Жедел қызмет өкілдері бойжеткеннің денесін тапты, күдікті ұсталды.

Менің оның көзіне шөп салғанымды біліп қояды деп қорықтым. Сол сәтте не істейтінімді білмедім, - дейді жігіт.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға