Жаңалықтар

Жас жауынгерлер ант қабылдады

Жас жауынгерлер ант қабылдады
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 15.05.2023 17:42 1090

Салтанатты жиында Алматы, Қонаев және Жетісу гарнизондарының әскери бөлімдерінде мыңға жуық жауынгер-десантшы ант берді, деп хабарлайды EL.KZ ақпараттық агенттігі.

Еліміздің әр аймағынан ұлдарын қолдауға келген ата-аналар жас сарбаздардың серт берген сөздерін естіген сәтте толқып, ерекше мақтаныш сезіміне бөленді. 

Ұлымның десанттық әскерлерге келгеніне бір ай болды. Демалыс күндері қоңырау шалып, қару ұстауды үйренгені, қоян-қолтық ұрыстың әдістерін, саптық дайындықты меңгергенін, яғни жеткен жетістіктерін әңгімелеп береді. Өз бөлімшесінің балаларымен достасып, олармен бірге алғашқы оқ ату және бронды көлік жүргізіп сынағандарын да айтты, – дейді жас сарбаздың анасы Рәзия Ахметова.

Отанға адал болуға ант берген жас сарбаздарды Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасарлары, әскери бөлімдер командирлері, Қарулы күштер ардагерлері, туыстары мен жақындары құттықтады.

Бүгін командирлерім мен жолдастарымның алдында Отаныма адал болуға ант бердім. Бұл мен үшін толқитын әрі өте салтанатты сәт. Анттың сөздерін өмір бойы есте сақтаймын, – деді Ақмола облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Кирилл Корешков.

Салтанатты рәсімге қатысқандар үшін әскерге жаңа келген сарбаздар арасынан қоян-қолтық ұрыс әдістерін көрнекілеп, мина атқыштар мен зениттік қондырғыларды ұрысқа келтіру нормативтерін орындады, ғимаратқа шабуыл жасау іс-қимылын көрсетті.

Ресми рәсім аяқталған соң сарбаздардың туыстарына казармалық үй-жайлар, асхана, оқу аудиториялары, қару-жарақ пен техника көрсетілді, әскери қызметшілер бұларды зерделегеннен кейін оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайтын болады.

Бір жыл ішінде жастар жауынгерлік даярлық бағдарламасын, берілген техника мен қару-жарақты меңгереді, әуе-десанттық даярлығынан өтеді, моральдық және күш-қуат тұрғысынан шыңдалып шығады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға