Жаңалықтар

Жас қыздарға арналған «Tech Girls» бағдарламасы іске қосылды

Жас қыздарға арналған «Tech Girls» бағдарламасы іске қосылды
Фото: ortcom.kz 09.02.2024 15:19 734

Аталған бағдарлама жас қыздардың ақпараттық технологиялар саласындағы әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Бұл туралы орталық коммуникация өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия 16 мен 23 жас аралығындағы қыздарға арналған «Tech girls» бағдарламасының іске қосылғанын мәлім етті. Қатысуға өтінімдер ағымдағы жылдың 7 ақпанынан 1 наурызына дейін сілтеме бойынша қабылданбақ. Екі айға созылатын «Tech Girls» бағдарламасы елдің барлық аймақтарынан келген 3000-нан астам қыздарға no Code, Low Code және Beta Career бағыттары бойынша тегін оқытады.

«Tech Girls» – жас қыздардың ақпараттық технологиялар саласындағы әлеуетін ашуға мүмкіндік. Біздің мақсатымыз - жас ұрпақты IT саласында табысты мансапқа қажетті дағдылармен қамтамасыз ету арқылы қолдау. Бұл тек таланттарды дамытуға ғана емес, Қазақстанның цифрлық экономикасының болашағына да инвестиция, – деді «International Business School» ЖШС директоры Алина Әбдірахманова.

«TechGirls» бағдарламасы туралы қосымша ақпарат алу үшін «Astana Hub» қолдау қызметіне 2222 қысқа нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға