«Блогиада» жобасының авторларына, демеушісі мен ұйымдастырушыларына жеке-жеке алғыс айтқым келеді. Ұранында тұрғандай сапалы контент қалыптасып келеді. Алғашында бәйгеге қатысқан 35 үздік блогер «миллион басты мақсат емес» дегенді айтқандай болған. Сол кезде сапалы контентке үлес қосу үшін ерікті болып отырғандары қуантқан. Алайда, аз ғана уақыттың ішінде бас тартушылар бой көрсетіп қалды. Дегенмен, сұрыпталу кез келген жерде болады, шынайы элита сол кезде шығады. Шыны керек, апта сайын елеңдеп, қызықты дүние күтіп отыру әдетке айналды. Қиыннан қиыстырсын деген әділ қазылардың талабы да көңілден шығып келеді. Мысалы соңғы тапсырманы алып қарайтын болсақ, Асқар Базарбай мен Маралбек Сағынғановтың фоторепортаждары ерекше шықты. Субъективті дегенмен осыларға ұпай жоғары берілсе деп түйген едім. Кейін дауыс беру қорытындысын қарасам, мен ойлаған екі сайыпқыран алғашқы орындарда тұр екен. Бастысы әділдік, объективтілік бар. Қалғаны блогерлердің өзіне байланысты. Байқағаным қатысушыларда логика, фантазия, жанкештілік артып келеді. Демек, әлі талай қызықты дүниелер ұсынады.
Жарқын Түсіпбекұлы: Шын элитаны сұрыптау тудырады!
Оқи отырыңыз
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары