Жаңалықтар

Жақын уақытта керемет қойылым болады, қалмай баруым керек...

Жақын уақытта керемет қойылым болады, қалмай баруым керек...
Фото: auezov-theatre 13.11.2022 16:00 1671

Қазақстанда қазіргі уақытта театрдың кұрақты көрермендері қалыптасуда, деп хабарлайды El.kz.

Театр адамның жан дүниесіне, сана-сезіміне әсер етіп, рухын оята алатын ұлы қасиетке ие. Сондықтан, жастардың театрға барып, тарихпен, мәдениетпен етене жақын болуы қоғам үшін де, мемлекет үшін де маңызды, - дейді Жұлдызбек Жұманбай. 

Бүгін Алматы қаласында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында «Қожанасыр тірі екен...»  атты қойылым өтеді. 

Бір танысым туыстарымен театрға бармақшы болды. Әуезов театрында билеттер жоқ. Театрда жұмыс істейтін туысының айтуынша, қойлымдарға  билеттер бір жарым ай бұрын сатылып кетуде. Лермонтов атындағы театрда да сол жағдай. Егер адамдар театрларға барса, бұл жақсы белгі. Жақсы жаңалық, - деп жазды Қазбек Бейсебаев Фейсбуктегі парақшасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға