Жаңалықтар

Жақтауда темекі шегіп отырған: Қостанай облысында оқушы қыз терезеден құлап кетті

Жақтауда темекі шегіп отырған: Қостанай облысында оқушы қыз терезеден құлап кетті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 08.08.2023 13:48 1033

Жітіқарда 16 жастағы қыз терезе жақтауында темекі шегіп отырып, бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 5 шілде күні сағат 02:40-та кезекші қызметіне Жітіқара қаласындағы №9 орта мектепке қарама-қарсы орналасқан қараусыз қалған амбулатория ғимаратының бесінші қабатының терезесінен қыздың құлап кеткені туралы хабарлама келген. Анықталғандай, ол 2007 жылы туған жасөспірім болып шықты.

Оқи отырыңыз:

Бойжеткен терезенің алдында темекі шегіп отырып, шылымның әсерінен басы айналып, терезеден құлап кеткен, – деп хабарлады обылстық ТЖД.

16 жасар қыз бел омыртқасының және қабырғасының сынуы диагнозымен ауруханаға шұғыл жеткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға