Жаңалықтар

Жақсылықты жарнамасыз жасайтын кәсіпкерлер көп

Алматыдағы ірі кәсіпкерлер өз пікірлерімен бөлісті
Жақсылықты жарнамасыз жасайтын кәсіпкерлер көп
Фото: pexels.com 02.11.2022 06:00 1102

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсімкерлермен кездесулердің бірінде ірі бизнес өкілдерін қоғамды толғандыратын әлеуметтік проблемаларды шешуден қалыс қалмауға және мектеп, жатақхана, балабақша, аурухана, унверситет құрылысына белсенді қатысуға, сондай-ақ туризмді дамытуға көмектесуге шақырды.

Осы орайда El.kz тілшісі кәсіпкерлермен әңгімелесіп, олардың Президент ұсынған бастамасы туралы пікірлерін білген болатын.

Көптеген кәсіпкерлер әлеуметтік тұрғыда белсенді, алайда өздерінің жасаған қайырымдылықтары туралы құпия болып қалғанын жөн көреді.

Жылдам тамақтану мейрамханалары желісінің негізін қалаушы әрі бас директоры Гүлбану Майғарина ұсынылған бастама ерікті түрде болуы тиіс деп санайды. Оның айтуынша, көптеген бизнесмендер мен кәсіпкерлер әрқашан әлеуметтік тұрғыда белсенді, алайда көп жағдайда бұл туралы айтпағанды құп көреді.

Бизнесмендер мемлекет үшін салық төлеушілер мен жұмыс берушілер екені анық. Сондай-ақ бірінші кезекте өздерінің қызметкерлері алдында үлкен жауапкершіліктің жүгін аралайды. Тек ерікті түрде ғана бизнес жаңа міндеттемелерді өз мойнына ала алады. Елдің әлеуметтік проблемаларын шешуге көмектесуге жеке басым кәсіпкер ретінде дайынмын, бізге әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуге және проблемаларды шешуге қатысуға мүмкіндік берсе және түсінікті әрі әділ өзара қарым-қатынас жүйесі  болса болғаны, - деді ол.

Меценат бола отырып,  Гүлбану Майғарина мұқтаж жандардың өміріне белсенді қатысып, «Ковчег» балалар үйіне көмектеседі. Бұл көмектің бергі жағы ғана. Кәсіпкердің сөзінше, ол көмекке мұқтаж жерді байқаса, әрі бөлінген ақшаның нақты қай жерге жұмсалатынын түсініп, білсе, қашанда көмек қолын ұсынуға дайын.

Менің көптеген әріптесім де дәл мен сияқты жасайтынын, алайда қолдары тимегендіктен немесе сыпайы болғандықтан бұл туралы айтпайтындарын сеніммен айта аламын. Бір ғана қор құрудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Қорлар бар, бірақ оларға деген сенім жоқ. Олардың жұмысының адалдығы жолға қойылмайынша, кезекті қор – кезекті жебірлікке алып келе береді. Барлығы жан қалауымен болуы тиіс. Бизнесмен табысты болғаны үшін ғана қосымша міндеттемелерді мойнына алмауы тиіс, - деп есептейді Гүлбану Майғарина.

Бизнес мемлекеттің әлеуметтік проблемаларын шешуге көмектесуге дайын болуы үшін не қажет?

«Қазақстан құрылысшылар одағы» РЗТБ төрағсы Талғат Ерғалиев әлеуметтік жауапкершілік – бұл бизнестің қалауы мен ерікті шешімі деп есептейді. Бірақ неге Президент барлық бизнеске емес, ірі бизнеске жүгінді?

Біз баршамыз ірі бизнес активтерінің бір бөлігі мемлекеттен берілгенін білеміз. Сәйкесінше, бұл жүктеме оларға жүктелуі тиіс. Мысалы, «Қазақмыс», «Қазцинк» және өзге де кәсіпорындар. Бүгінгі таңда шағын, орта және  ірі бизнес кәсіпорындары бірдей салық төлейді.  Бірақ мен әлеуметтік жауапкершілікті тек ірі бизнес арқалауы тиіс деп есептеймін. Алайда қайырымдылық түрінде шағын және орта бизнес өз көмегін көрсете алады. Яғни оған тыйым салынбаған, - деді төраға.

Ол бизнестің төрт негізгі қызметі бар екендігін атап өтті. Олар: сапалы өнімді өндіру; қызметкерлерге еңбекақы төлеу; салық төлеу; жаңа жұмыс орындарын құру.

Сол арқылы ол әлеуметтік жауапкершілікке ие болады.

Сондықтан шағын және орта бизнесті ол әлеуметтік жауапкершілікке ие болуы тиіс деп кінәлау дұрыс емес. Шағын және орта бизнес табыс әкелуі, дамуы, кеңеюі, жаңа өндіріс орындарын ашуы қажет. Бұл бүгін нарықта жетіспейтін нәрсенің бірі. Әрине, бизнес мемлекеттің әлеуметтік проблемаларын шешуге көмектесуге дайын. Ол үшін жақсы жағдай жасалуы тиіс, Үкімет тарапынан қолдау, дамудың жақсылап дайындалған бағдарламасы, екінші деңгейлі банктер заңды тұлғалар үшін кішігірм пайыздық мөлшерлемелер ұсынуы тиіс. Сондай болған кезде неге бизнес ризашылық ретінде әлеуметтік жобаларға қатыспайды?, - дейді Талғат Ерғалиев.

Сомасына қатысты айтар кезде, Талғат Ерғалиевтің пікірінше, бұл жеке мәселе, өйткені әр кәсіпорынның саласы мен табыстылығы да әртүрлі. Мысалы, тау-кен өнеркәсібі мен мұнай-газ компанияларының табыстылығы жоғары. Олар белгілі бір соманы төлеуі тиіс деп бекіту дұрыс болмайды.

Әрине, қор құрса, жаман болмас еді. Бірақ ол өзінің салымшылары алдында есеп беруі тиіс. Сіз Еуропада және әлемнің өзге мемлекеттерінде кәсіпорын салық төлеген кезде, азаматтар бұл қаражаттың қайда кететінін білетіндігіне назар аудару керек. Ондай жағдайда кәсіпорын салықты амалсыздан әрі төлегісі келмесе де, төлейді. Себебі біз аталған  салықтың қайда кететінін білмейтіндімізде болып отыр. Бізге ашықтықтың қамтамасыз етілуі өте маңызды, - деп атап өтті ол.

 

МЕКТЕП САЛУ - САУАПТЫ ІС

Бухгалтерлік есеп бойынша компаниялар тобының негізін қалаушы Максим Барышев әлемдік тәжірибеде ірі компаниялар мен инвесторлар өз еліне еңбек сіңіреді деп есептейді. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеспен өткен жолғы кездесу кезінде капиталды осы елден оны сатып алғандардың мемлекеттен шығарып жатқандығына қынжылатындығын айтқандығын есіне алды. Ол олигархтар аурухана, мектеп салған Өзбекстанды мысалға келтірді.

Инвестор үшін аурухана, мектеп және тағы сол сияқты халық игілігіне қолданылатын нысандар салу – бұл сауапты іс, Алланың ризашылығына бөленеді. Көптеген қазақстандық ірі кәсіпкерлер өз қаражаты есебінен мектеп салып қана қоймай, үздік оқушыларды өз қарамағына алады. Әрине, посткеңестік кеңістіктен шыққандықтан біз мемлекет барлық әлеуметтік қызметті мойнына алып, сыбайлас жемқорлықты түбімен жойып, бюджет түсімдерді дұрыс қадағалағанын қалаймыз. Мәселен, егер бизнесмен аурухана, мектеп, балабақша тұрғызса және сол нысанда оның аты жазулы тұрса, ол бәрін барынша дұрыстап жасауға тырысады, оған үнемдемейді. Бірақ мектеп құрылысының құны жеке инвесторларға мемлекеттікінен гөрі төмен болады, - деді ол.

Оның айтуынша, ауруханалар тексеру жүргізу үшін жоғары дәрежедегі жабдықтарды орнататын жағдайлар болады. Жеткізушілер қызметкерлерді үйретеді, бірақ соңында қызметкерлер жұмыстан шығып кетеді, ал жабдықтар сол беті қолданылмай қалады. Елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін бизнес салық төлейді: әлеуметтік салық – 9,5%, оның мөлшерлемесі 2025 жылға қарай 11%-ды құрайтын болады; әлеуметтік аударымдар – 3,5%, мөлшерлемесі 2025 жылға қарай 5%-ға дейін ұлғаяды; МӘМС және ТМККК (міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар) – бұл 3%  және 2% мөлшерлемеге тең. Одан басқа, ЖМЗЖ (жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары) барлық жалақы төлемінің 5% мөлшерлемесіне тең.

Мен бизнес төлем жасап, ақша аударымын жасайтын кезекті қорды құруға қарсымын. Себебі бұл қордың қызметкерлерінің жалақы төлеміне шығындарды, ғимаратты жалға алуды және басқа да шығындарды төлеу керек. Одан соң қор қызметкерлерінің әрекетін бақылау қажет болады. Әр бизнесмен немесе бизнесмендер тобы ақшаларын қазіргі кездегідей нақты нысандарға салғандары дұрыс болар еді, - деп есептейді Максим Барышев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға