Жаңалықтар

Жақсы өмірге ұмтылған азаматтарымыз қаскөйлердің құрбанына айналып жатыр – Жақсылықов

Жақсы өмірге ұмтылған азаматтарымыз қаскөйлердің құрбанына айналып жатыр – Жақсылықов
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 27.07.2023 12:23 830

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының мәліметтері бойынша, ішкі істер органдары жыл сайын заңсыз адам саудасына қатысты 100-ден астам қылмыс тіркейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен жылы трансұлттық қылмыстық топтың 17 мүшесі ұсталды, олар адам және кәмелекетке толмағандар саудасымен айналысып, оларды Бахрейнге жіберіп отырған, – дейді Жақсылықов.

Министр сөзінше, бұған қылмыстық бизнестегі табыстың жоғары болуы себеп. Бұл қылмыстың жыл сайынғы ақша айналымы 150 млрд долларды құрайды екен. Екінші себеп – халықтың кедейлігі.

Біздің азаматтар тұрмыс деңгейін жақсартамын деп қаскөйлердің құрбанына айналады. Әлеуметтік желілердегі жарнамалар арқылы әңгімелесуден өтіп, жыныстық қарым-қатынасқа итермеленіп немесе еңбек құлына айналып жатыр, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға