Жаңалықтар

Жапонияда ер адам оқушыны пышақпен жарақаттады

Жапонияда ер адам оқушыны пышақпен жарақаттады
Фото: ©AP/Junji KUROKAWA 10.05.2023 10:28 524

Жапонияда 60 жастағы ер адам оқушыны пышақпен жарақаттады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

NHK телеарнасының мәліметінше, сәрсенбі күні таңертең полицияға бас қаладағы Ота ауданында жасөспірім жарақат алғаны туралы хабар келіп түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, жарақат алған жетінші сынып оқушысы екен. Ұл бала ауруханаға жеткізілген.

Полиция шабуылдаған қаскөйді ұстады, ол 61 жастағы тұрақты жері жоқ азамат болып шықты. Ол өз кәнісін мойындады. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Ер адамның мұндай әрекетке не себепті барғаны айтылған жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға