Жаңалықтар

Жапония футболшылары Испанияны жеңді

Осылайша, жапониялықтар плей-офф кезеңіне өтті
Жапония футболшылары Испанияны жеңді
Фото: championat.com 02.12.2022 06:38 1171

Жапония құрамасы Испанияны 2:1 есебімен жеңіп, плей-офф кезеңіне өтті, деп хабарлайды El.kz.

Қарсыластар тартысты ойын көрсетіп, алғашқы допты испаниялық Альваро Мората салды. Бірінші таймда есеп сонымен өзгермеді.

Ал екінші тайм жылдам гол соғумен басталып, 48-ші минутта Жапония құрамасы есепті теңестірді.

Арада үш минут өткен соң жапониялық аладоп шеберлері тағы бір гол соғып, жеңісті қолдан бермеді.

Белгілі болғандай, Испанияны тізе бүктірген Жапония бірінші орын алып, 5 желтоқсанда Хорватиямен ойнайды. Ал плей-офқа екінші орынмен шыққан Испания 6 желтоқсан күні Мароккомен кездеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға