Жаңалықтар

Жапон халқының қанатты сөздері

Жапон халқының қанатты сөздері
Фото: pixabay 19.11.2022 18:25 4122

Қанатты сөз дегеніміз - халықтың өмір тәжірибесінен шыққан тұжырымды ойды жеткізетін нақыл сөз. Жазушы-публицист Марат Бәйділдаұлының Фейсбуктегі парақшасында жариялаған Жапон халқының қанатты сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.

1.  Жындылар мен жындысүрейлерге жол бер! 

2.  Әйел қаласа жартасты да жарып өтеді.

3.  Кетем дегенді ұстама, келгенді қуалама.

4.  Тез дегеніміздің өзі – баяу, бірақ үздіксіз деген сөз. 

5.  Жаман адамның досы болғанша жақсы адамның жауы бол.

6.  Жай адамдарсыз ұлы адам қалыптаспайды.

7.  Биікке құштар жан баспалдақ ойлап табады.

8.  Ері мен әйелі қол мен көз сияқты: қол ауырса көз жылайды, көз жыласа саусақ көздің жасын сүртеді.

9.  Күн дұрысты да, дұрыс еместі де парықтамайды. Күн біреуді жылытам деп жарқырамайды. Өзін өзі тапқан адам Күн сияқты. 

10.  Теңіздің ұлы болатыны сол, кішкене өзендерге де шекесінен қарамайды. 

11. Алыс жолдардың өзі алғашқы қадамдардан басталады.

12. Ішетіндер шырынның зияны туралы біле бермейді, 
Ішпейтіндер оның пайдасынан хабарсыз.

13. Өміріңде бір-ақ рет қажет болса да семсеріңді үнемі тағып жүр.  

14. Әдемі гүлдер жақсы жеміс бермейді.

15. Қайғың болса оны жыртық көйлек сияқты үйде қалдыр.

16. Сүйіспеншілік бар жерде шешектің дағы да беттің шұңқыршығы тәрізді сүйкімді көрінер. 

17. Төсекте жатқан сүрінбес.  

18. Ізгілікті жалғыз ауыз сөз қыстың үш айын жылытады. 

19. Егер шешілетін мәселе болса оған мазасызданып қайтесіз, егер шешілмейтін нәрсе болса оған мазасызданып не жорық? 

20. Жапырақтың суретін салсаң самалдң лебін сезін.

21. Біреуден күдіктенбес бұрын жеті рет тексер.

22. Қолыңнан келгеніңнің бәрін жаса, қалғанын тағдырыңа тапсыр.  

23. Әсіре адалдық ақымақтықпен шендеседі.

24. Күлкі естілген үйге бақыт үйір. 

25. Жеңіс жауынан гөрі тағы бір жарты сағат айқасқа  шыдаған жанға тиесілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға