Жаңалықтар

«Жанымызды шүберекке түйіп отырмыз». Төреғалидің қарындасы үндеу жасады

«Жанымызды шүберекке түйіп отырмыз». Төреғалидің қарындасы үндеу жасады
Фото: instagram/tattti_kyz 22.11.2023 11:35 1235

Қазақстанға есімі белгілі әнші Төреғалидің қарындасы Дина Төреәлі Түркияда онкология бойынша тексеріліп жатқан әпкесі Фариза Төреәлінің жағдайын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол әпкесінің денсаулығын уайымдап жатқан көпшілікке insagram парақшасында үндеу жасады,

Сіздерге бір шықпасам өз-өзіме сыйып отыру мүмкін емес болып бара жатқан сияқты. Күндіз-түні келіп жатқан толассыз хаттар, уайымдап шын ниетпен жазып жатқан, дұғада отырған әр оқырманға Алла разы болсын. Бір нақты жауабын күтіп сіздерден де бетер жанымыз шүберекке түйіліп отырғанына бір аптадай уақыт болыпты. Бәріңіз бір хабар күтіп отырғандарыңызды білемін. Алайда Фаридің анализдерінің жартысы әлі дайын болмады. Соны күтудеміз. Осы жағдай өмірімде орын алған күннен бастап, түйгенім көп. Ішімдегіні айтып бастарымды да білмеймін. Уайымдама деп жазу да, айту да оңай. Бірақ Алламен байланысты дұрыстап, тоқтаусыз дұға еткеннің арқасында жүрек ақырын тыныштық тауып бір жақсылыққа сенуде, - деп жазды блогер.

Айта кетейік, Фариза Төреәлінің денсаулығы сыр беріп, онкологиядан күдіктеніп жүргенін мәлімдеген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға