Жаңалықтар

Жансейіт Түймебаевтың ұлын өлтірді деген әскери қызметкерге үкім шықты

Жансейіт Түймебаевтың ұлын өлтірді деген әскери қызметкерге үкім шықты
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 04.07.2023 16:04 1308

Алматы гарнизонының әскери соты Серікбол Мұратханды ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар Қансейіттің өліміне кінәлі деп тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әскери қызметкер «Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» бабы бойынша айыпталған болатын. Сот оны 6,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Оқи отырыңыз:

Қайғылы жайт қаңтар оқиғасы кезінде болған. 6 қаңтар күні кешке Сәтпаев – Назарбаев көшелерінің қиылысында Мұратхан Елнар Қансейіт отырған көлікке оқ атқан. Салдарынан Елнар көз жұмды.

Бұған дейін әскери қызметкердің 7 жылға сотталуы мүмкін екендігі хабарланған

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға