Жаңалықтар

Жансай Смағұлов халықаралық турнирде күміс жүлде алды

Португалияның Алмада қаласында турнир өтуде
Жансай Смағұлов халықаралық турнирде күміс жүлде алды
Фото: @drs_kz 29.01.2023 19:50 1034

Португалияның Алмада қаласындағы дзюдодан Гран-Придің 2-күні аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

73 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Жансай Смағұлов финалда өзбекстандық Обидхон Номоновтан жеңілді.

Жансай Смағұлов іріктеу кезеңінде алдымен швед Олоф Хермодссонды, украиналық Владислав Казимировты екінші, бельгиялық Йерун Кассені үшінші айналымда жеңген. Ал жартылай финалда испаниялық Хосе Антонио Аранданың жауырынын жерге тигізіп, ақтық бәсекеге жолдама алды.

Қазақстан құамасы жалпы есепте 1 алтын және 2 күміс медальмен екінші орында тұр.

Айта кетейік, Гран-При 29 қаңтарға дейін Тежу өзенінің жағасында өтеді. Мұнда 81 елдің 550-ге жуық татами шебері рейтинг ұпайы үшін таласып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға