Жаңалықтар

Жанқош Тұраров екінші чемпиондық белбеуін жеңіп алды

Жанқош Тұраров екінші чемпиондық белбеуін жеңіп алды
Фото: instagram.com/zhankoshturarov 11.12.2023 04:35 864

Кәсіпқой бокста жартылай орта салмақта өнер көрсететін Жанқош Тұраров (28-0, 20 KO) Алматыда өткен бокс кешінде жапон Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) жеңіп, екінші чемпиондық белбеуді иеленді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Бірінші бол сайтына сілтеме жасап. 

Букмекерлер 12 раундқа жоспарланған жекте-жекте Тұраров 38 жастағы қарсыласын нокаутпен жеңеді деген болжам жасаған болатын. Алайда, жапон боксшысы кездесудің соңына дейін шыдап, айтарлықтай қарсылық таныта білді. Нәтижесінде 118:110, 120:108, 118:110 есебімен Жанқош Тұраров жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық боксшыда өзіне тиесілі IBO белбеуінен бөлек енді WBA Gold белбеуі де тиесілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға