Жаңалықтар

Жанкүйерлер бокстан әлем чемпиондарын әуежайдан қарсы алды

Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 15.05.2023 15:07 1013

Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатына қатысқан спортшыларымыз елге оралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Спортшыларды әуежайдан жанкүерлері, әріптестері мен Спорт және мәдениет министрі Асхат Оралов қарсы алып, құттықтады.

Жанкүйерлер бокстан әлем чемпиондарын әуежайдан қарсы алды

Соңғы екі аптаның ішінде қазақстандықтар Ташкенттегі әлем чемпионатында спортшыларымызға қолдау көрсетті. Спортшыларымыз бұл әлем чемпионатында өте жақсы көрсеткішпен оралуда. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында спортшыларымыз 4 алтын алған еді. Биылғы әлем чемпионатында спортшыларымыз тарихи есепті қайталап, қоржынымызға 4 алтын, 1 күміс байлап қайтты,- деді министр.

Жанкүйерлер бокстан әлем чемпиондарын әуежайдан қарсы алды

Сондай-ақ, министр әлем чемпионатында ән ұранымыздың акапелла нұсқасын шырқаған өнерпаздарға да алғысын білдірді.

Жанкүйерлер бокстан әлем чемпиондарын әуежайдан қарсы алды

Әлем чемпионаты өте жоғары деңгейде өтті. Бұл ең көп спортшылар қатысқан әлем чемпионатының бірі болды. Әр жекпе-жек өзіндік ерешелігімен қиын болды. Десе де, жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Мен жекпе-жекке шыққан күні қызымның туған күні болды.Сондықтан жеңісімді ең алдымен қызыма, кейін еліме арнаймын, - деп  Асланбек Шымбергенов әлем чемпионатынан алған әсерімен бөлісті.

Жанкүйерлер бокстан әлем чемпиондарын әуежайдан қарсы алды

Жанкүйерлер бокстан әлем чемпиондарын әуежайдан қарсы алды

Жанкүйерлер бокстан әлем чемпиондарын әуежайдан қарсы алды

Жанкүйерлер бокстан әлем чемпиондарын әуежайдан қарсы алды

Жанкүйерлер бокстан әлем чемпиондарын әуежайдан қарсы алды

Жанкүйерлер бокстан әлем чемпиондарын әуежайдан қарсы алды

Жанкүйерлер бокстан әлем чемпиондарын әуежайдан қарсы алды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға