Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі: Министрлік ескі әнұранның қойылуына қатысты пікір білдірді

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі: Министрлік ескі әнұранның қойылуына қатысты пікір білдірді
Фото: Видеодан кадр 04.10.2024 19:45 713

4 қазанда Сидней қаласында (Аустралия) ұйымдастырылған қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайлович арасында өткен бокс жекпе-жегі жанкүйерлерге ерекше әсер қалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын 9-раундта нокаутпен жеңіп, кезекті ірі жеңіске қол жеткізді.

Алайда, жекпе-жектің басты оқиғаларының бірі – Қазақстанның ескі Әнұранының орындалуы болды. Жекпе-жек алдында жарысты ұйымдастырушылар қателесіп, Қазақстанның 2006 жылы қолданыстан алынған ескі Әнұранын қосты. Бұл жағдайға қазақстандық көрермендер мен жанкүйерлер бірден байқап, наразылықтарын білдірді. Спортшы Жәнібек Әлімханұлы мен оның менеджері Берік Сұлтан да қателікке жылдам назар аударып, ұйымдастырушыларға ескерту жасады. Дегенмен, музыканы ауыстыру жөніндегі талап ескерусіз қалды.

Жарысты ұйымдастырушы No Limit Boxing промоутерлік компаниясы (Жаңа Зеландия екенін атап өткен жөн. Бұл компания Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайловичтің мүддесін қорғайды.

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі бұл оқиғаға байланысты ұйымдастырушыларға ресми түрде наразылық нота жолдайды. Туризм және спорт министрлігі тарапынан жарысты ұйымдастырушыларға Қазақстанның ескі Әнұранын пайдаланбау туралы бірнеше рет ақпарат берілген болатын. 

Қазақстан Әнұранының дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету – халықаралық спорттық іс-шараларда еліміздің беделін сақтау үшін маңызды қадамдардың бірі.

Жәнібек Әлімханұлының жеңісі отандастарымыздың мерейін асқақтатса да, бұл оқиға қазақстандық жанкүйерлер арасында үлкен алаңдаушылық туғызды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға