Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы ерекше бес боксшының тізіміне енді

Жәнібек Әлімханұлы ерекше бес боксшының тізіміне енді
Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly 03.01.2024 11:17 760

Бокс жайлы жазатын CFSportsClub Twitter-парақшасы жаңа жылда назар аудару керек былғары қолғап шеберлерінің тізімін жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

CFSportsClub 2024 жылы назар аудару керек бес боксшының қатарына қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын (15-0, 10 КО) да енгізген. Қалған төртеуі АҚШ боксшылары: Дэвид Бенавидес (28-0, 24 КО), Джарон Эннис (31-0, 28 КО), Флойд Скофилд (16-0, 12 КО) және Брюс Кэррингтон (10-0, 6 КО).

Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Бұған дейін отандасымыз 2024 жылы 160 фунтта абсолютті чемпион атануды жоспарлап отырғанын айтқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға