Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік боксшылар рейтингісіне енді

Бұл туралы Sports.kz мәлім етті
Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік боксшылар рейтингісіне енді
Фото: sports.kz 22.11.2022 10:52 1596

World Boxing News порталы 2022 жылғы қарашадағы жағдай бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан (pound for pound) әлемдегі ең үздік 50 боксшының қазіргі рейтингісін ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жақында WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы өзінің әлем чемпионы титулын сәтті қорғаған қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы тізімге алғаш рет енді. Ол рейтингіде 49-орында тұр.

IBF, WBA Super және IBO орта дивизионының иегері Геннадий Головкин тізімнің 28-қатарында.

Тізімде украиналық супер ауыр салмақтағы WBA, WBO және IBF чемпионы Александр Усик көш бастады. Екінші орында екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес тұр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға