Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын сәтті қорғады

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын сәтті қорғады
Фото: instagram.com/janibek_qazaqstyle 14.05.2023 10:17 1254

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы атағын қорғап, уақытынан бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Жәнібек Әлімханұлының WBO әлем чемпионы атағын қорғауға арналған екінші жекпе-жегін өткізді. Бұл жолы отанадсымыз маңызды жекпе-жекті нокаутпен аяқтады

АҚШ-тың Калифорния штатытының Стоктон қаласында өткен бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) жекпе-жек өткізді. Он екі раундқа жоспарланған кездесу екінші раундта-ақ аяқталды. 

Қазақстандық кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабында он төртінші жеңіске жетіп отыр. Ал оның канадалық қарсыласы болған Стивен Батлер кәсіби рингте төртінші жеңіліс тапты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға