Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы «абсолютті» чемпион атанғысы келетінін айтты

Жәнібек Әлімханұлы «абсолютті» чемпион атанғысы келетінін айтты
Фото: twitter.com/qazaqstyle 19.02.2024 09:54 860

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) өз салмақ дәрежесінде «абсолютті» атағына қол жеткізуді көздейтінін алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ол өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында чемпиондық белбеулерін салып, мұнымен тоқтамайтынын айтты:

Маған тағы екі чемпиондық атақ керек, - деп жазды ол.

WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы белбеу американдық Джермалл Чарлоға (33-0, 22 КО), ал WBA чемпиондық атағы кубалық Эрисланди Лараға (29-3-3, 17 КО) тиесілі. 

Жәнібек Әлімханұлы бұған дейінгі өзінің соңғы айқасын былтыр 14 қазанда АҚШ-та өткізіп, алтыншы раундта германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) нокаутқа түсірді. Сол арқылы WBO және IBF белбеулерін біріктірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға