Жаңалықтар

Жаңбыр және көктайғақ: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Жаңбыр және көктайғақ: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: El.kz 13.03.2023 14:47 882

Қазгидромет синоптиктері 14-16 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидромет мәліметінше, 14-15 наурызда солтүстік-батыста, 15-16 наурызда солтүстікте, шығыста атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында қар және қар аралас жаңбыр жауады.

Республика бойынша тұман, солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі, кей уақытта жел күшейеді. Ал температура фонында қатты өзгерістер күтілмейді, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға