Жаңалықтар

Жаңбыр және аптап ыстық. Қазгидромет ауа райы болжамын жариялады

Жаңбыр және аптап ыстық. Қазгидромет ауа райы болжамын жариялады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 02.06.2023 08:18 603

2 маусымда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыста, ҚР таулы аудандарында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен найзағайлы жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі сақталады, - делінген хабарламада.

Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Ұлытау, Атырау облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Қарағанды, Абай, Жамбыл облыстарында өрт қаупі жоғары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға