Барлық мәдениет мекемелері мен ведомстволық бағынысты және үкіметтік емес ұйымдардың ағаш отырғызу қоғамдық акциясына қатысуы – күннің басты оқиғасы болмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, осы күні Ақмола облысында Ш. Құсайынов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында «Қаңбақ шал» ертегісінің премьерасы өтеді.
Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин атындағы мемориалдық музейінде «Қош келдіңіз, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара болады.
Қызылорда облысында түрлі пікірталас алаңдарында сарапшылар «Наурыз – жаңа саяси дәуірдің басталуы» тақырыбын талқылайды.
Павлодар облысы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Наурыз – асыл қазына» атты мерекелік концерт өтеді.
Петропавлда облыстық Ақан сері атындағы филармониясы Қазақ халық аспаптар оркестрінің «Наурыз-көктем» концерті ұйымдастырылады.
Жалпы алғанда, жаңару мен жаңа кезеңнің басталуын бейнелейтін Жаңару күнінде бүкіл ел бойынша 500-ден астам іс-шара өтеді.
Жаңару күні аясында бүкіл ел бойынша 500-ден астам іс-шара өтеді
Оқи отырыңыз
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды