Audi компаниясы A3 модельінің жаңартылған нұсқаларын таныстырды. Жаңарту седан мен хэтчбекке, сондай-ақ спорттық RS3 нұсқасына да қатысты. Негізгі өзгерістер интерьер мен қауіпсіздік жүйелерінде жасалған, ал сыртқы келбеті іс жүзінде өзгеріссіз қалған.
Былғары жоқ, бірақ көміртекті талшық бар
Басты жаңалықтардың бірі – цифрлық панельдің жаңаруы. Бұрынғы екі бөлек экранның орнына жүргізушіге қарай иілген біртұтас дисплей орнатылған. Ол жаңа Audi Q3 моделінен алынған.
Экрандардың өлшемі 11,9 дюйм және 12,8 дюйм.
Салон әрлеуінің төрт нұсқасы ұсынылады, олардың арасында былғары жоқ:
- көміртекті талшық (карбон);
- Dinamica микроталшығы;
- жаңа Light Crepe тоқыма материалы;
- Impressum Black матасы.
Жүргізушінің әдетін үйреніп алады
A3 барлық жабдықталым деңгейлерінде (Tech, Tech Plus және Tech Pro) қолжетімді ADAS қауіпсіздік жүйелері кешенімен жабдықталған.
Негізгі жаңалықтар – 210 км/сағ жылдамдыққа дейін жұмыс істейтін бейімделетін круиз-бақылауы және жүргізушінің әдеттерін үйрену функциясы.
Круиз-бақылау жүйесі көлікті бір жолақтан екіншісіне ауыстыра алады және бағдаршамның тыйым салатын сигналы жанғанда өздігінен тоқтатады.
Электроника жүргізушінің қалауын зерттеп, жиі қолданылатын функцияларды автоматты түрде іске қосады. Мысалы автомагистральға шыққан кезде көлік интеллектуалды круиз-бақылауды қосуды ұсынуы мүмкін.
Қозғалтқыштар желісі өзгеріссіз қалды
Жаңартылған Audi A3 бұрынғы қозғалтқыштармен ұсынылады:
- 1,0 литрлік үш цилиндрлі базалық қозғалтқыш – 114 а.к.;
- RS3 үшін 2,5 литрлік бес цилиндрлі қозғалтқыш – 394 а.к.;
- қуаты 201 және 268 а.к. болатын гибридті нұсқалар.
Гибридті модельдер электр қуатымен 143 шақырымға дейін жүре алады.
Бағасы мен сатылымға шығу мерзімі
Базалық A3 Sportback бағасы 31 850 еуродан басталады. Атап айтқанда:
- A3 Sportback – 31 850 еуродан;
- A3 Sportback e-hybrid – 45 350 еуродан;
- S3 – 57 200 еуродан;
- RS3 – 68 500 еуродан басталады.
Ең қуатты RS3 моделі желідегі ең қымбат нұсқа болады.
Жаңартылған Audi A3 Еуропа нарығында 2026 жылдың қыркүйегінде сатылымға шығады.
Айта кетейік, Audi бұған дейін жол талғамайтын қасиеті күшейтілген жаңа буындағы A6 Allroad универсалын да таныстырған болатын.