Жаңалықтар

Жанар-жағармаймен қамту жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау мәселесі – Үкіметтің ерекше бақылауында
Жанар-жағармаймен қамту жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Фото: Үкімет 24.08.2022 17:50 1175

​ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р. Склярдың төрағалығымен ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Энергетика, Ауыл шаруашылығы министрліктері, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, сондай-ақ «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мұнай өнімдері ішкі нарығындағы қазіргі ахуал туралы баяндады. 

Комиссия «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ға өңірлерге ЖЖМ-ді басымдықпен жеткізу бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Бұдан басқа, Бәсекелестікті қорғау және дамыту, Қаржылық мониторинг агенттіктеріне ЖЖМ бағасын белгіленген шектен асыру фактілеріне және бәсекеге қабілетсіз іс-әрекеттерге жол бермеу бойынша жедел шаралар қабылдау тапсырылды. 

Айта кетейік, мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау мәселесі – Үкіметтің ерекше бақылауында.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға