Жаңалықтар

ЖАНАР КЕНЖЕҒАЛИЕВА: МАҢЫЗДЫ ҚАДАМДЫ ҚОЛДАЙМЫЗ

ЖАНАР КЕНЖЕҒАЛИЕВА: МАҢЫЗДЫ ҚАДАМДЫ ҚОЛДАЙМЫЗ
11.04.2019 11:11 2329

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 9 маусым күні кезектен тыс президенттік сайлау өтетінін хабарлады. Бұл шешім уақытылы әрі дұрыс қабылданды деп есептейміз.

Елімізде тұрақтылық пен келісім сақталып, ары қарай дамудың даңғыл жолына түсу үшін бұл өте маңызды қадам. Төрткүл дүниеде күн сайын өзгерістер мен түрлі оқиғалар орын алып жатыр.

Ал Қазақстандағы ұлтаралық татулық пен келісім, ішкі тұрақтылық пен салиқалы саясат әлем елдеріне үлгі. Қазақ елі шынайы тәуелсіз мемлекет болып қарыштауы үшін сайлауға жауапкершілікпен қарауымыз қажет.

Елімізде сайлауға қатысуға барлық азамат құқылы және әркімнің өз таңдауы бар. Кемел келешекке бірге жол бастар, ұлтымыздың жарқын күндері үшін бізбен бірге болар Президентімізді бірге таңдайық.

Жанар КЕНЖЕҒАЛИЕВА,

Қарағанды облысының ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға