Жаңалықтар

Жаңаөзенде түлектер жол апатына ұшырады

23.05.2025 16:22 928
Жаңаөзенде түлектер жол апатына ұшырады

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында мектеп түліктері жол апатына ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде оқушылар мінген көліктердің бір-бірімен соқтығысқанын көруге болады. Кадрдан түлектердің жол талғамайтын көлікпен келе жатып жылдамдығын арттырғанын, сонан соң жолда шаң көтеріліп, салдарынан алдағы көлікке барып соқтығысқанын көруге болады.

Оқи отырыңыз:

Соққының қатты болғаны соншалық, көліктің бірі жол жиегіне шығып кетті. Жастарды ауыр жарақаттан қорғаныш жастықтары қорғап тәрізді. Бірақ соның өзінде де бірнеше ұл көліктен бастарын ұстап шығып жатыр.

Ал көпшілік видеоның астында түлектердің ата-аналарын жазалау керектігін жазып жатыр. Оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері пікір білдірді. 

Пикап жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыптұраққа қойылды, – деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Цензура Актау (@cenzura_aktau)

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға