Жаңалықтар

Жаңаөзенде ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды

Жаңаөзенде ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды
Фото: Видеодан алынған кадр 13.12.2023 10:07 761

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында заңсыз ойын бизнесімен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, қатысушылар ойынхананың тұрақты жұмыс істеуі үшін ойын ойнауға арналған компьютерлер балансын жүйелі түрде толықтырып, нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңсыз пайданы жинап, басқа да ұйымдастыру-басқару қызметтерін атқарған.

Тінту кезінде ойын ойнауға арналған құрылғылар: жүйелік блоктар, мониторлар, чек принтерлері мен сканерлері, теледидарлар, телефондар және қолма-қол ақша алынды, - делінген мәліметте.

Заңсыз әрекеттен түскен қылмыстық кіріс көлемі 77 млн теңгеден асты.

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға